#Тараз: Рамазанның алғашқы жұмасында 2 038 000 теңге қайырымдылыққа жұмсалды

#Тараз: Рамазанның алғашқы жұмасында 2 038 000 теңге қайырымдылыққа жұмсалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қаласы имамдары Рамазан айының алғашқы жұмасында 2 038 000 теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Қайырымдылық ретінде 332 кісіге ауызашар пакеті, 101 отбасына азық-түлік, 17 отбасына қаржылай, 16 отбасына еттей жәрдем берілді. Сонымен қоса мешітке келген жамағат ауыз ашуы үшін су диспансерлері алынып, азанның әсем дауысын естіп рухани ләззат алулары үшін дауыс реттеуіштер мен радио-микрофон, мешіт калонкалары реттелді.

Қайырымдылық іс-шарасына қалалық «Әбдіқадыр», «Әл-Әділ», «Тұрсынбай ата», «Әкрам төре», «Құрал қажы», «Бегалы ата», «Әзрет Әли», «Шайх Зуннун», «Намаз ата», «Мырхалық қажы», «Әулие ата», «Тектұрмас», «Асым ата» мешіттері атсалысты.

Сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасауда жарысуды Алла Тағала нәсіп етсін!

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: