Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде 100-ге жуық отбасыға ауызашар қоржыны тараттылды.
Сауапты іс-шараларға қатысқан мешіттің бас имамы Нұрлан Жұмакерімұлы жамағатпен көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасады. Сондай шараның бірі – "Толымбай тегі Зиябек" орталық мешітте тізімде тұрған 50 шақты отбасыларға және қария кісілерге ауызашар қоржыны үлестірілді. Үлкен жастағы кейуана әже батасын беріп: "Ұстаған оразаларымыз, жасаған құлшылықтарымыз, берген садақаларымызды Алла Тағала қабыл етсін" - деп алғыс айтып, ризашылық білдірді!
Айта кетейік, былтыр елдегі эпидахуалға байланысты мешіттерде ауызашар дастарқанын жаюдың орнына тұрмысы төмен отбасыларға «Ауызашар қоржындары» таратып беру қолға алынған болатын.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі