Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажының ұйымдастыруымен үлкен қазанға күріш бастырылыпғ ауызашар дастарханы таратылды.
Қорапшанын ішінде ет, күріш, салат, нан, алма, банан, құрма және тоқаш салынып, жеке көліктермен ораза ұстап, ауыз бекіткен 300 отбасыға үйме-үй таратылды. Ораза ұстаған жандар «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажыға және мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі