Байзақ ауданында қасиетті Рамазан айына орай «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиздің ұйымдастыруымен жағдайы төмен, көпбалалы 50 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Байзақ ауданының бас имамы Рамиз Азизов "Рамазан айындағы ғибадат пен ізгі амалдардың сансыз сауапқа кенелетінін тілге тиек етіп, бұл айда мұсылмандардың қайырымдылық пен жақсылық жасауға аса мән бергені жөн екендігін айтты. Өйткені ораза, алдымен, Алла үшін жасалатын өнегелі ғибрат саналады әрі оның сауабын бір Алла ғана береді. Рамазан айында өткен іс-шараға ат салысқан кәсіпкерлерге Алла олардың Рамазанда жасаған игі істеріне үлкен сауаптардан жазсын" - деді.
Көмек алушылар ризашылықтарын жеткізді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі