#Байзақ: 200 АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ

#Байзақ: 200 АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Байзақ аудандық мешітінде 200 адамға ауызашар таратылды. Індеттің алдын алу мақсатында көпшілікті жинамай, кешкі асқа арналған ыстық тамақ, құрма, сусын бар қоржындар ораза тұтқан тұрғындардың үйіне жеткізілді.

Ауданның бас имамы Азизов Рамиздің айтуынша "Байзақ баба" мешітінде ауызашар береміз деп ниет қылған азаматтар көпшілікті ауызашар қоржынына үлес қосуға шықырды. Сондықтан игі шара ауданға қарасты барлық ауылдарда жалғасын таппақ.

"Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дейді. Осы өсиетке амал еткен барша мұсылмандардың ауызашары қабыл болсын!" - деді ауданның бас имамы. 

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: