#Жамбыл: Асарлатып үй соғылуда

#Жамбыл: Асарлатып үй соғылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен көпбалалы отбасыға үй соғылуда. Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы 2019 жылы елімізге белгілі кәсіпкер, аудан азаматы Қуаныш Шонбайдан үш көпбалалы отбасыларға үй соғып беруге жер сұраған болатын. Аудан имамын қолдаған кәсіпкер бастамаға келісімін берді. Былтыр бір отбасыға үй соғылып берілген болатын.

Биыл қасиетті Рамазан айында екінші үйдің құрылысы басталып кетті. Асарлатып салынып жатқан баспанаға мешіт жамағаты мен аудан кәсіпкерлері, ауыл тұрғындары ат салысуда. Аудан имамының бастамасын қолдаған аудан жұртшылығына алғысымыз шексіз!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: