Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расулалла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? – деді. – «Бір тілім нан берсін» – деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» – деді.
Алла Елшісінің осы мүбәрак сөзін басшылыққа ала отыра Т. Рысқұлов аудандық Жастар ісі секторы ауыл тұрғындарына ауызашар қоржындарын таратты.
Ауызашар қоржыны ауылдағы жағдайы төмен әрі ораза ұстаған 5 отбасыға таратылды. Алла баршамыздың қасиетті айда жасаған әрбір ізгі амалдарымызды қабыл еткей!
Т. Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі