Меркі ауданына қарасты ауылдық елді-мекендерде барлық мешіт имамдары Рамазан айы кірісімен жергілікті халыққа, әкімшілік қызметкерлерге және кәсіпкерлерге «Ораза - ұлы құлшылық» тақырыбында оразаның парыз екендігі, оның пайдасы, оразаны не бұзбайды, не бұзады, пітір-фидия садақалары және кәффарат дегеніміз не, осы тақырыптарда халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Имамдар әрбір шамасы жеткен мұсылманға Ораза ұстау парыз екенін насихаттады. "Исламның бес шартының үшіншісі – Рамазан айында ораза ұстау. Пайғамбарымыз: “Кімде-кім сене отырып, сауабын Алладан күтіп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі" - дейді мамандар. Жиналған қауым көкейлерінде жүрген оразаға қатысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Сөз соңында көпшілік еліміз, жеріміз үшін, халықтың амандығы үшін дұға жасап тарқасты.
«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

