#Тараз: Рамазанның алғашқы жұмасында ислам дінін қабылдады

#Тараз: Рамазанның алғашқы жұмасында ислам дінін қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Тараз шаһарында орналасқан "Ар Рахман Ар Рахим" мешітінде Константин есімді жігіт ислам дінін қабылдады. 

Мұсылман атанған азамат есімін Муслим деп өзгертті. "Ар Рахман Ар Рахим" мешітінің наиб имамы Нұрматжан Миразизов орыс тілінде ислам негіздерін, дініміз насихат ететін жақсылықтарды, иман, намаз, ораза сынды парыздарды түсіндіріп өтті.

Ал мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл жігітке кәлима-шаһадатты айтқызып, жамағатқа тағы бір мұсылман бауырлары қосылғанын жариялады. Көпшілік Аллаға мадақ айтып, қуаныштарын жеткізді. Мешіт имамдары оған пайғамбар өмірбаяны, намаз оқып үйренейік сынды кітаптар мен тақия, миск сыйлады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: