Қаракемер ауылдық мектебінде оқушылармен діни кездесу ұйымдастырылды. Шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып қайтты.
Оқушыларға "Экстремизм мен терроризм" тақырыбында насихат айтып, теріс ағым деген не, оны ұстанушылардың белгілері, жат ағымның қоғамға алып келіп жатқан зияны жайлы тілге тиек етті.
Жастар өз сауалдарын қойып, діни білімнің маңыздылығы жайлы көркем әңгіме тыңдады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі