Жамбыл аудандық «Спорт» кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» Х-ші республикалық турнирінің іріктеу жарысы болып өтті.
Жамбыл ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің директоры Риянов Мақсат Зәкірұлының ұйымдастырумен шараға Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, аудан әкімі Сәкен Арубаев, ауданның спорт шеберлері қатысты. Ауданның жас барыстарына ауданның бас имамы ақ батасын берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі