#Тараз: «Жастар ісі» секторы ауызашарға арнап құрманы сыйға тартты

#Тараз: «Жастар ісі» секторы ауызашарға арнап құрманы сыйға тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Жастар ісі» секторының жауапты маманы Қайырғали Бахтиярұлының ұйымдастыруымен көне Тараз шаһары тұрғындарына барша мұсылмандардың қуанышы саналған қасиетті Рамазан айында құрма сыйға тартылды. Бұл іс-шараға шынайы жүректен қуанған көпшілік өз алғастарын білдіріп, қуанысып тарқасты.

Ардақты Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өз сөзінде «Мұсылман кісінің өз бауырына жымия қарауы да садақа» деп баян еткенін негізге ала отырып, Алланың мейірімі еселеп артатын бұл айда қуанышпен қоса жақындарыңа сыйлық беріп қуанту әрі дін бауырыңның ауызашуына себепкер болу әрбір мұсылман баласына Алладан берілген үлкен нығмет әрі рухани бақыт.

Алла Тағала Рамазан айында баршамызға ізгі істерді көптеп орындауға нәсіп етсін. Еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын. Алла елімізді тілсіз бәлекеттерден сақтасын.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: