Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің жастар ісінің меңгерушісі Жұмағұлов Жандостың ұйымдастыруымен аудан жастары мен мешіт шәкірттеріне қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» роман-триологиясы мен "Көшпенділер", Қаһар» романдарынан сұрақтар қойылды.
Көпшілікке «Бату хан ұрпақтарына қандай өсиет, қандай ақыл қалдырмақ?» - сынды сауалдар қойылды. Жастар: "Әлгі сөзді естіген Бату: «Мұсылман бола ма, кәпір бола ма, маған бәрібір, тек әке тағын сақтай білсе жарады»" - деген жауап берді.
Қатысқан аудан имамы «Бәйдібек» мешітінің шәкірттеріне ризашылығын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі