#Меркі ауданы: Ихсан ілімі насихатталды

#Меркі ауданы: Ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеңес ауылының имамы Нұрбол Айдосұлы жергілікті ауыл ақсақалдарымен кездесу өткізді. Кеңес ауылдық Мәдениет үйінде өткен рухани кездесу барысында Нұрбол Айдосұлы ауыл ақсақалдарына ҚМДБ-ның 2021 жылғы қызметінің басты жеті бағыты бойынша ақпарат берді.

Имам: «ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасына сәйкес, биыл «Ихсан» іліміне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл рухани тәрбие жолы – ата-бабамыздың асыл мұрасы. Біз бұл іліммен тереңірек танысып, бағалай білуіміз қажет. Осыған орай, имамдар тарапынан көптеген мақалалар жазылып, онлайн дәрістер өткізіліп жатыр», - дей келе «Ихсан» ілімінің мән-маңызы туралы насихат айтты.

Кездесу соңында, ауыл ақсақалдары рухани танымдық баяндама үшін имам Нұрбол Айдосұлына алғыстарын айтты.

 «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: