#Қордай: Аудан имамы мектеп оқушыларымен жүздесті

#Қордай: Аудан имамы мектеп оқушыларымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Масаншы ауылы №13 мектептің 9-11 сынып оқушыларымен діни жүздесу өтті. Шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып, діни экстремизмнің зардаптары жайында насихат айтты.

Жат ағымның алдын алу мақсатында ұйымдастырылған кездесуде оқушылар өз көкейкесті сауалдарын қойып, дін маманынан нақты жауаптар алды. 

Имам теріс бағытты ұстанушылардың белгілері, қоғамда туындатып жатқан мәселелері, діни сауатты болудың маңызы жайында тілге тиек етті. "Дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір әдісі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Сондықтан да сыртқы күш түрлі діни ағымдардың ықпалымен қоғамға бүлік салып, отбасын ойрандатып, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян тигізуге барын салады. Сондықтан әрқайсымыз білімді болуымыз тиіс" - деп атап өтті дін маманы өз сөзінде.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: