"Һибатулла Тарази" мешітінде әлеуметтік желіні жүргізуге байланысты "SMM негіздері" атты семинар-тренинг жасалды.
Дін мамандарының қатысуымен өткен жиынды аталған мешіттің баспасөз хатшысы, asyldin.kz сайтының тілшісі, smm маманы Ақерке Шахризатқызы жүргізді.
Бүгінгі ақпарат заманының дауына байланысты, жастардың көпшілігі отыратын әлеуметтік желіні меңгеру заман талабы болып отыр. Осыған орай инстаграм және фейсбук желісінің құпиялары, кәсіби жүргізу формасы мен аталған желінің беретін мүмкіндіктері тілге тиек болды.
Маман желіні дамыту, жұмыс барысында қолдану және оған арналған қосымшаларды пайдалануды түсіндіріп өтті. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, керекті мәліметтерін түртіп алды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі