#Жуалы: «Мірәз ата» мешітіне жаңа кілем тарту етілді

#Жуалы: «Мірәз ата» мешітіне жаңа кілем тарту етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарабастау ауылының «Мірәз ата» мешітінің өңі кіріп, жаңа қырынан әсем күйге еңді. Бұған себепші Билікөл ауылдық округінің 1993 жылы туған азаматтары. 

Түлектер мектеп бітірулеріне 10 жыл толуына орай Рамазан айында жамағатқа жайлы болу мақсатында мешітке көрікті жұмсақ жайнамаз төсеп берді.

Билікөл ауылдық округінің имамы Жәнібек Аптауов қолы ашық, жүрегі жұмсақ, жомарт жандарға алғысын білдіріп, отбасы мен кәсіптеріне береке тіледі.

Жуалы ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: