Қордай ауданы Кенен ауылдық мешітінің имамы Саят Рахимовтың ұйымдастыруымен "Қош келдің, Рамазан айы" атты қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ілім, артынан дұға қылатын ізгі ұрпақ»дегенін жеткізеді" - дейді. Міне осы игілік 15 отбасыны қуантты.
Дін маманы ауылдың әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы тұрғындарына азық-түлік жеткізіп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Шараға 150 мың теңге қаражат жұмсалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі