#Жуалы ауданы: Шәкірттер ұжымымен кездесу өтті

#Жуалы ауданы: Шәкірттер ұжымымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Толымбайтегі Зиябек атындағы орталық мешітте «Рамазан» айының келуіне байланысты шәкірттер ұжымымен уақытша оқу-практикасын өтеп жүрген ұстаз Айдана Қуанышқызының кездесу кеші болып өтті.

Жүздесуге қатысқан аудан имамы Нұрлан Жұмакерімұлы шәкірттерді қасиетті аймен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиында Рамазан айының құндылықтары мен ерекшеліктері жайлы кішігірім уағыз-насихат айтылып, шәкірттер Аллаға деген шынайы сүйіспеншілікке үгіттелді.

Қасиетті айды сауапты өткізуге рухани дайындалып, дұға-тілектер оқылды. Кездесу соңында шәкірттермен сұрақ-жауап арқылы айтылған уағызды миға қондыру жұмысы жасалды. 

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: