Қасиетті Рамазан айы келіп, көпшілік қуанышпен ораза уақытын өткізуде. Індеттің өршіп кетпеуінің алдын алу мақсатында биыл да ауызашарлар көпшілікті жинамай, тамақты жеткізумен атқарылуда.
Қасиетті айдың алғашқы күні-ақ ауызашар қоржындарын тарату басталып кетті. Шараны Жамбыл облысына қарасты барлық аудандар ұйымдастырып, имамдар мен мешіт қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасылардың шаңырағына жеткізуде.
Облыс бойынша бүгін орталық "Һибатулла Тарази" мешіті, Тараз қаласы, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Талас аудандарының атсалысуымен 370 адамға ыстық тамақ пен тәттілер және сусынар тарту етілді.
Ауызашар беру күнделікті барлық өңірлерде жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі