Жамбыл аудандық Мәдениет үйі мен аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, берекелі Рамазан» атты мерекелік кеш өтті.
Бұл айда орындалатын ең басты діни амал – ораза болып саналады. Рамазандағы ауыз бекіту ислам дінінің бес парызының бірі болып табылып, бүкіл әлем мұсылмандарымен жыл сайын орындалып отырады. Бұл парыздың маңыздылығы соншалық, кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп атауға дейін барады. Бірақ Рамазан ай аты болса да, ауыз бекіту парызы – қазақша ораза (арабша саум) деп аталады.
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі