"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызының ұйымдастыруымен өңірдегі әйел ұстаздардың жиналысы өтті.
Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы қатысы. Жиында сөз сөйлеген бас имам әйел оқытушыларға қолдау көрсететінін, оқу бітіріп жатқан қыздарды кадр ретінде жұмысқа тартатынын жеткізді. Сондай-ақ әйелдер жамағатына Алла разылығы үшін қалай дінді үйрете аламыз сынды тақырыптарды қозғады.
Жұмыс барысын пысықтау мақсатында жасалған жиында рамазан айына дайындық сөз болып, әлеуметтік желіде белсенділік таныту жолдары, үйде отырған әйелдерге қалай білім, кеңес бере аламыз сынды мәселелер қарастырылды. Көпшілік тұрғысынан ұсыныстар мен пікірлер білдірілді. Шарада сектордың облысқа қарасты инстаграм желісінде жеке парақшасы ашылды. Онлайн білім алып, дін сұрақтарға жауап іздеген қыздар үшін "aiel.kyzdar.sektory_jambyl.obl" атаулы парақша өз жұмысын бастап та кетті.
Ұстаздардың ұйымшылдығын арттыруды көздеген бас қосуда Гүлжан Алдасаева қала, аудан ұстаздарына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі