Тараз шаһары көненің көзі ғана емес, халал өнім шығарушы озық қаланың өзі. Өйткені, Қазақстанда өндірілетін халал астың 30% пайызы осы өңірден жан-жаққа жөнелтіледі.
Мұндай сертификатқа ие тағы бір шұжық өнімдерін шығарушы кәсіпорын "Исмаилов" ЖК цехы "Халал" құжатын жаңартты.
Өндіріс орнына арнайы барған ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов қызметкерлерге семинар жүргізді. "Астың адал болмағы тек таза, Алланың атымен сойылған мал еті ғана емес, оны жасаушының тазалығы, ғимараттың тағалығы" - деп атап өтті ол өз сөзінде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі