Қордай аудандық ГУМ колледжінің студенттері аудандық Қордай мешітінің наиб имамы Дәурен Нұржанұлының қатысуымен өткен жиынға қатысты.
Білікті маман жастарға "Ихсан" ілімі жайында насихат айтты. Оның мағынасы, адам баласына пайдасы, ата дініміз бен бабалар жолындағы орны тілге тиек болды.
Жастар көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптар алды. Дәурен Нұржан ұлы өз сөзінде: "Ихсан – барлық істе шынайылық таныту. Аллаға сенім келтіру. Құлшылық қылуға Алладан басқа лайық ешкім жоқ екеніне, Ол жалғыз екеніне және жаратылмағанына, Мәңгі екеніне және бастауы жоқ екеніне, бәрін білуші, бәрін көруші, бәрін естуші екеніне, ештеңеге мұқтаж емес екеніне, он сегіз мың ғаламның иесі екеніне және күллі жаратылыс Оған мұқтаж екеніне сенім келтіру" - деп түсінік беріп өтті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі