Тараздық имамдарға діни экстремизмнің алдын-алу жайлы семинар жүргізілді

Тараздық имамдарға діни экстремизмнің алдын-алу жайлы семинар жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Діни экстремизмге қарсы және терроризмнің алдын алу шаралары елде ғана емес әлем бойынша түйіткілді болғандықтан, еліміздегі дін мамандары бұл салада өз әлеуетін барынша қолдануда. Осы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханның арнайы келуімен "Һибатулла Тарази" мешітінде дін мамандарына арналған семинар өтті.

Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев, аталған мешіттің наиб имамы Бақтияр Амиреев пен қала имамдары қатысты. 

Тимур Нүсіпхан өз сөзінде жат ағымның қалай алдын алу керек, теріс ағым мүшелерімен қалай сөйлесу, жұмыс жасау керектігі жөнінде тілге тиек етіп, имамдардың сауалдарына жауап берді. 

Облыс бас имамы: "Теріс ағыммен жұмыс жасауда өте сақ болу керек, оларға діни тұрғыда үлгі болу керек" - деп атап өтті. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: