#Жамбыл: Ауыл имамдарымен жиналыс өтті

#Жамбыл: Ауыл имамдарымен жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінде оразаға дайындық бойынша жиналысы өткен болатын. Аталған жиында облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Осыған орай,  Жамбыл ауданы  орталық «Бәйдібек» мешітінде ауыл имамдарымен оразаға дайындық бойынша жиналыс өтті. Бас қосуда қаралған мәселелер: Мешіттің алдына Рамазан жайлы баннерлер ілу, 30 күнде уағыз айтылуы керек, тарауық намазын санитарлық талаптарға сай қысқа сүрелермен өткізу, ауызашардың мешітте өтілмеуін қадағалау, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, келуші кісілерге санитарлық талаптарға сай болуы керектігін насихаттауды аудан имамы ауыл имамдарына тапсырды.

 Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл имамдарына жеті бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп: «Облыстағы жиналыста 3 айлық қорытынды бойынша Жамбыл ауданының атқарған жұмысы алғашқы үштіктің қатарында болғандығын, ауыл имамдарының бір ауыздан атқарған жұмыстарының нәтижесі деп білемін», – деп ауданның бас имамы ауыл имамдарына алғысын білдірді.

  Серік Нұркелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: