#Тараз: Қала имамдары 100 түп тал отырғызды

#Тараз: Қала имамдары 100 түп тал отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес Тараз қаласы имамдары Шөлдала елді мекенінде орналасқан «Тұрсынбай ата» мешіті ауласына 100 түп тал отырғызды. Шараға қаланың бас имамы  Амантай Садиев пен бес аймақ кураторлары, атап айтқанда Ахметов Ғазиз, Баймаханов Ораз, Мухамбетов Серіжан, Миразизов Нұрматжан, Мадыбаев Ғазиз және мешіт жамағаттары толықтай атсалысты.

«Бұлақ көзін ашып, көзіңді қалдыр, жақсылық мұра шашып, ізіңді қалдыр, бау-бақша өсіріп, өзіңді қалдыр», деген баба өсиетіне лайықты болған дін қызметкерлеріне Алла разы болғай!

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: