#Жамбыл: Денсаулық күніне орай турнир өтті

#Жамбыл: Денсаулық күніне орай турнир өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 7 сәуір Денсаулық күні мерекесіне орай мектеп мұғалімдері арасында аудандық ашық турнир болып өтті. Жамбыл ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің директоры Мақсат Зәкірұлының  шақыртуымен ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы іс-шараға қатысып қайтты. Бас имам 7 сәуір денсаулық күні мерекесіне орай ұстаздарды құттықтады. 

"Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген: күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты назар аударған. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ" - деді имам өз сөзінде.

Серік Нұркелді

Жамбыл ауданының  баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: