#БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА РАМАЗАН АЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ИМАМ-МОЛДАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ЖАСАЛДЫ

#БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА РАМАЗАН АЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ИМАМ-МОЛДАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінде Рамазан айына байланысты жиналыс өтті.

Жиында ауданның бас имамы Рамиз  Азизов рамазан айында атқарылатын іс - шаралар жоспарын таныстырды.

30 күнге онлайн режимде хатым құран түсіру, уағыз-насихат айту, онлайн дәріс жүргізілетінін айтты. Тарауих намазы санитарлық талаптарға сай оқылу керектігі, намазда қысқа сүрелерді оқу мәселелері ескертілді.

Биылғы пітір садақасы 420 теңге болып бекітілгендегі нақтыланып, рамазан айын ерекше өткізуді тапсырды.

 Жиналыс сонында имам молдаларға ораза кестесімен діни басқармадан келген кітаптар таратылды.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: