#Жамбыл: Зерделеу жұмыстары жүргізілді

#Жамбыл: Зерделеу жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданына қарасты Қапал ауылы, «Қапал» мешітінде Жамбыл ауданының бас  имамы Ғайырфулла  Қуанышбекұлы  мешіт жамағаттарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мешітке келген жамағатқа қасиетті Рамазан айы жайында кеңінен уағыз айтылды. Мешіт жамағатының сұрақтарына жауап берілді.

Ауыл имамы Мурат Рахимов мешіттің жанынан бой көтеріп жатқан асхананы ауыл жастары мен ауыл кәсіпкерлері соғып жатқандығын айтып, оларға өз алғысын білдіріп, ауданның бас имамына таныстырды.

Ол ауыл имамын қолдап отырған ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлеріне алғысын жеткізді. Сонымен қатар, аудан имамы  имамның  киім үлгілері әдепке сай болуын, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығын, жамағатпен карантин талаптарын сақтай отырып, намаз өткізуді қолға алу, сонымен қатар, көгалдандыру, тал егу, т.б. бірқатар тапсырмалары жүктелді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: