#Қордай: 10 отбасыға көмек көрсетілді

#Қордай: 10 отбасыға көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылықты негізгі бағыттарының бірі еткен аудан мешіттері күндердің сұлтаны қасиеті жұма күні кезекті "Берекелі жұма" науқанын өткізді.

Қордай орталық мешітінде жасалған игі шарада 1 қой сойылып, 10 отбасыға азық-түлік қосылып таратылды. Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты отбасыларға жасалған көмек үшін тұрғындар алғысын жеткізді.

«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» дейді «Сәбә» сүресінің 39-аятында. Қазақ халқы ежелден жомарт­тығымен танылған. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғас­тырып, тұрмысы нашар отбасы­ла­рын, жетім-жесірді, бала­ларды қорғап, қолдаса деген ниетпен аталған шара алдағы аптада да жалғасын таппақ.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: