#Қордай: Кіші футболдан жолдастық кездесу өтті

#Қордай: Кіші футболдан жолдастық кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Шынықсаң шымыр боларсың" дейді дана халқымыз. Осы ұранмен аудандық мешіттің ұстазы Зейне Жұмабайұлының ұйымдастыруымен жастар мен мешіт шәкірттері арасында футболдан турнир өтті. 

Тартысты өткен спорттық сайыс өз жеңімпаздарын анықтап, қатысушы топтар жүлделі орындарды қанжығаларына байлады.

Атап өтсек, 1 орынды "Барыс" тобы жеңіп алса, 2 орынға "Достар" тобы ие болды. Ал 3 орын "Арландар" тобына бұйырды. 

Жүзден жүйрік шыққандар Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының қолынан Мақтау қағазымен марапатталды. 

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: