#Қордай: Ауылдық мешіттің жаңа асханасы ашылды

#Қордай: Ауылдық мешіттің жаңа асханасы ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бетқайнар ауылдық мешітінің жанынан жаңа асхана ашылды. Көпшілікке құдайы тамақ, ауызашарлар беруге арналған ғимарат бүгіннен бастап халық игілігіне берілді. 

Дүбірлі шарада ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, ауданның құрметті азаматы Дүйсен ақсақалмен бірге лентасын қиды.

Ресми шараға аудандық ардагерлер ұйымының басшысы Біржан Әлімбет, ауыл имамдары мен тұрғындар қатысты.

350 адамға арналған асханада бүгін алғаш рет дастархан жайылып, ас берілді. Дін мамандары құран оқып, қариялар ел амандығы үшін дұға жасады. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: