#Қордай: "Мисбахул Ислам" мешітіне жаңа мамандар тағайындалды

#Қордай: "Мисбахул Ислам" мешітіне жаңа мамандар тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бүгін Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылы "Мисбахул Ислам" мешітіне жаңа дін мамандары қызметке келді. 

Халықты ұйытып, дін турасында бағыт-бағдар беріп жүрген жауапкершілігі мол мамандық иелерін қызметке тағайындау үшін ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқыды.

Мешітке найб имам болып Харки Беркен және азаншы ретінде Юубуров Шерба тағайындалды.

Жамағатқа жаңа имамдарды таныстырған бас имам мамандарға сәттілік тілеп, жұма намазын өткізіп қайтты.

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: