Жамбыл ауданына іс-сапармен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі терағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева және Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Түгел Сәдібек, Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев, ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы мен Жамбыл ауданының зиялы қауым өкілдерімен бірге аудандық кітапханада және аудан тұрғындарымен өнер мектебінде кездесті.
"Аталған іс-шара барысында «Ел бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады, шаршы топта сөз бастаудан қиындық көргем жоқ» деп Бұқар ақын айтып өткендей бүгінгі бас қосуымыздың мақсаты - ата-бабамыздан мұра болып қалған Заңдар, дана сөздері мен ақыл-кеңестерді өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, жастардың бойында ұлтжанды рухын ояту, патриоттық тәрбие беру" - деді аудан бас имамы өз сөзінде.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі