Тараз қаласы бірінші аймақ кураторы Ораз Баймахановтың жетекшілігімен аталмыш аймақ мешіттері 235 мың теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Іс-шараға, аймаққа қарасты «Әулие ата», «Миразиз ата», «Хамрақұл», «Нәметбай», «Әкрам Төре», «Тохта бибі», «Әбдіқадір» мешіттері ат салысты. Қайырымдылық ретінде жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен ет, кілемге мұқтаж отбасына кілем берілді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Мұсылман адам өзінің бауырына көмектескен сайын Алла Тағала да оған деген жәрдемін тоқтатпайды» мағынасындағы хадисіне амал қылып жүрген имамдарымыздан Алла разы болсын!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі