#Тараз: «Әкрам Төре» мешітіне жас маман тағайындалды

#Тараз: «Әкрам Төре» мешітіне жас маман тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әкрам Төре» мешітіне бас имам қызметіне тәжірибелі маман тағайындалды. Аталмыш мешіттің бұрынғы имамы жасы ұлғайғанына байланысты сол мешіттің наиб имамы қызметіне қалды.

Жаңадан қызметке келген Булгаков Қанат Талғатұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,  Луговой кентінде дүниеге келген.

2006 - 2010жж аралығында Тараз қаласының "ТАРГУ" жанындағы "Көпсалалы колледжін"  "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген. 2010–2013жж аралығында ҚМДБ-ға қарасты Шымкент қаласы "Шымкент медресе-колледждін" Исламтанушы және имам хатип " мамандығы бойынша оқыған. 2015ж - 2019ж Қырғызстан мемлекетінде "И.Арабаева" Қырғыз мемлекеттік университетін "Теология" (дінтану) мамандығы бойынша тәмәмдаған.

ҚМДБ ҚАРАСТЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ :

2013-2014жж. аралығында Шымкент қаласында орналасқан "Хаттани"  қалалық мешітінің ұстаз қызметін атқарған.

2014-2015жж. Шымкент қаласында орналасқан "Икрам Қажы" мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

2015-2017жж. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы "Әл-Біләл" мешітінде  найб имам қызметін атқарған.

2017-2020жж. Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты "Мүзәмміл" мешітінде найб имам қызметін атқарған.

Білетін тілдері: қазақ тілі, араб тілі, түрік тілі.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: