Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы «Айдарбек ата» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлының мешіттің жанынан ашылған қайырымдылық дүкенінде екі отбасыға қайырымдылық жасады.
Аудан имамы қайырымдылық дүкенін ұйымдастырып отырған ауыл жастары мен кәсіпкерлеріне рақметін айтып, ауылдың ауызбіршілігі, ынтымағына ұйытқы болып отырған ауыл жамағатына ақ батасын берді.
Мешіт жамағатымен жүздескен аудан имамы мешітте санитарлық талаптарды сақтап намаз оқу керектігін, Алла үйінің тәртібіне бағыну керектігін қатаң ескертті. Аудан имамы ауыл жастарының ұйықы болуымен мешіттің жанынан қызметтік үй соғылып жатқанына алғысын айтты.
Серік Нұркелді
Жамбыл ауданының баспасөз қызметі