ҚМДБ Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде облыстық және қалалық Әжелер алқасының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Гүлжан Серікқызы арнайы шақырылып, жат ағым жетегінде кетуден сақтану жолдары мен мәзһабтар жайлы сөз қозғады.
Ары қарай сөз кезегін алған өмірлік тәжірибесі мол «Әжелер алқасы» мүшелері қазақы салт-дәстүр мен тыйымдар жайлы білгенімен бөлісіп, көптеген маңызды насихаттарын жеткізді.
Жиын соңы жасы ұлғайған ақ жаулықтың апамыз батасын беріп, алдағы уақытта отбасын құру мәселесі, жар таңдау сияқты тақырыптарда семинарлар өтілсін деп өз ұсынысын білдірді.
Жібек Болатбекқызы
Тараз қалалық орталық
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі