#Жамбыл: Ихсан ілімі насихатталды

#Жамбыл: Ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы  Қуанышбекұлы ауыл мешіттеріне іс-сапар жасады.  Жалпақтөбе ауылдық «Тұрғани» мешіті мен Айша-бибі ауылдық «Айша-бибі» мешітіне арнайы барған  бас имам мешіт имамдарымен жүздесті.

Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулла  және де Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбаймен бірге мешіт жамағатымен кездесіп, «Ихсан» ілімінің маңыздылығы мен құндылықтарын тереңнен түсіндірді. Кездесу соңында, ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы мешітке келген жамағаттың сұрақтарына тереңінен жауап берді.

"Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім. Ал тақуалық дегенді қалай түсінеміз? Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген ұғымға саяды. Шариғи мағынасына келсек, «күнәлі істерден сақтану, ұятты амалдан алыс болу, Алла Тағалаға бойсұнып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау» деген мағыналарды білдіреді. Күнә мен қателікке ұрындыратын істерден сақтану – тақуалықтың белгісі" - деп атап өтті ауданның бас имамы.  

 Серік Нұркелді

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: