Жуалы ауданы имамы Нұрлан Жұмакерімұлы арнайы Жуалы ауданы, Шақпақата ауылдық округіне қарасты Т.Дүйсебайұлы ауылдық «Тәттібай» мешітіне барып қайтты. Аудан бас имамы аймақтағы салынып жатқан мешіт құрылыстарының жүргізілу барысымен танысты.
"Былтырғы жылдан бері жаңа мешіттің қазығы қағылып, құрылысы басталған еді, Алла қаласа күн жылына сала ішкі әрлеу жұмыстары жүргіземіз,"- деді ауыл молдасы Жалғасбаев Бауыржан.
Аудан бас имамы Алланың алдында қадірімізді арттыратын мешіт ғимараттарын салу және оның қатарын арттыру сауапты іс екенін тілге тиек етті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі