ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Мұр мүбәрак" Египет Ислам мәдениеті университетінің Жамбылдық түлектерімен ZOOM платформасы арқалы онлайн жүздесті.
Кездесу барысында студенттер имамға алға қойған мақсаттарын жеткізіп, өз сауалдарын қойды. Бас имам түлектерге Жамбыл облысында қолайлы кез келген қызметке орналастыратынын, қолдау көрсететінін айтты. Сонымен қатар өз сұрақтарын осы өкілдік арқылы қоя алатындарын тілге тиек етті.
Жас мамандар нақты шешімге келген соң өңірде кадрларды жұмысқа тағайындау жұмыстары жүргізілмек.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі