#Меркі ауданы: «Зират және зиярат мәдениеті»

#Меркі ауданы: «Зират және зиярат мәдениеті»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылдары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай өткен имамдардың IV республикалық онлайн форумында «Зират және зиярат мәдениеті» атты жаңа құжат қабылданған болатын.

Меркі ауданының бас имамы Нұрбек Қайсарұлы мешітке келген жамағатқа аталған құжатты таныстырып, екі бөлімін баяндады.

"Бірінші бөлімде зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, теңдік ұстанымы, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлері қамтылған. Ал екінші бөлімде зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілген. Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – аса маңызды істің бірі. Құжат осы мақсатты көздейді» - деп атап өтті имам. 

Аудан бас имамы жергілікті ауыл имам-молдаларына аталмыш құжат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді табыстады.

 «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: