#Байзақ: ИХСАН ІЛІМІ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ МӘДЕНИЕТІ ҚҰЖАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

#Байзақ: ИХСАН ІЛІМІ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ МӘДЕНИЕТІ ҚҰЖАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округінің мәдениет үйінде "Ихсан ілімі және Зиярат және зиярат мәдениеті" құжаттарын түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Ауыл халқымен жүздесуге облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің азаншысы  Жалғас Жұбатханов, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек, Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Рамиз Азизов және ауданға қарасты ауыл имам молдалары, ауыл тұрғындары қатысты.

Ихсан сөздік мағынасында – жақсылық жасау, қайырымдылық ету болса, ал, терминдік мағынада – Аллаға құлшылық етуде оны көрініп тұрғандай сезініп, бар ынта-ықыласпен орындау дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, Алла Тағаланың бір Өзіне құлшылық ету барысында Алла Тағаланы көріп тұрғаныңдай, егер бұлай ету қолыңнан келмесе, Ол сенің не істегеніңнің бәрін түгел көріп тұрғанын есіңе алып, кемел ықыласта болуың.

Жиын барысында "Жеті рухани қазық" құжатына байланысты бейне ролик көрсетілді.

Шара соныңда аданның бас имамы атынан ауыл имам молдаларға алғыс хат табысталды.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: