Біз білмеппіз білгенде...

Біз білмеппіз білгенде...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зұлқарнайн алейһиссалам әскерлерімен жолда келе жатып, «аяқтарыңа ілінген нәрселерді жинай жүріңдер» деп әмір береді.

Әскерлері бұл әмірді естіген кезде іштерінен бір бөлігі «Көп жүрдік қатты шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап босқа қиналамыз ба, ешнәрсе жинамаймыз» деген шешімге келіп, ешнәрсе жинамайды.

Екінші бөлігі «Қолбасшымыз бұйырған екен, әміріне бағынайық аз ғана болса да жинайық. Өйткені, қолбасшымызға қашанда мойынұсыну керек» деп аз ғана жинайды.

Үшінші топ болса «Қолбасшымыз еш нәрсені босқа әмір етпейді. Міндетті түрде бір нәрсені біліп айтқан болуы керек, әмірін орындаймыз» деп бүкіл қаптарын бетіне дейін толтырады.

Таң атқан кезде бұл армия түнде алтын қойнауынан өткендерін түсінеді. Аяқтарына тиген нәрсенің алтын екенін ешкім аңғармаған болады. Сонда әмірді тыңдамай еш нәрсе алмаған топ:

–Қап, неге алмадық? Қолбасшының сөзін неге тыңдамадық. Ең болмаған да біреуін алғанымызда ғой... деп өкініп қалады.

Екінші топ өз-өздерін сөге бастайды:

–Қап, біраз тағы алуымыз керек еді. Қалталарымызды, қаптарымызды аузына дейін толтырып алуымыз керек еді...

Үшінші топ та өкініп:

–Керексіз пайдасыз заттарымызды тастағанда бұдан да көп етіп жинайтын едік...

Міне осы мысалдағы секілді ақыретте де бүкіл адамдар өкінеді. Кәпір болған адам:

–Неге иман етпедім. Сенгенімде ең болмаса жаһаннамға түссем де иманымның арқасында бәрібір жаннатқа кірер едім. Мәңгілік тозақтан құтылар едім, дейді.

Мұсылман болғанымен сауабы аз болған кісі:

–Бұдан да көп сауапты істер жасауым керек еді. Бұдан да көп нығыметке қауышар қауышар едім, дейді.

         Мұсылман болып, сауабы көп болған кісі болса:

–Қап, бұдан да үлкен дәрежелерге көтеретін көбірек ғибадат жасауым керек еді, көбірек сабақа беріп, көбірек ораза тұтып, көбірек сауап жинайтын амалдар жасауым керек еді... деп өкінеді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: