Адамның асқа деген тәбетінің болуы әрі дастарханда аштықты басатын рұқсат етілген тамақтың тұруы Алла Тағаланың ұлы мейірімі мен жомарттығы болып табылады.
Әр кез дастарханға жайғасарда, Алла Тағаланы, Оның мейірімін еске алып, нәсіп етілген тамақ жөнінде ойлану қажет.
Тамақ ішер алдында «Бисмиллә» деп зікір айту, ал осы нығметтің бәрін Алланың беріп жатқанын есте сақтау - ойлану болып табылады. Ал тамақ соңындағы «Әлхәмдулиллә» ризашылықты білдіру болып табылады.
Кімде-кім дастархан басына отырғанда зікір айтып, ойланып отыратын болса, оның жеген тамағы ағзасына пайда әкеліп, ал оның амалдар кітабына «разылық білдіріп, шүкірлік етті» деп жазылған болады.
Сондай-ақ, ислам ғалымдары тамақ ішу кезіндегі артық салмақтың пайда болуына кедергі келтіретін сүннетті де еске салады. Аталмыш сүннетке сәйкес, қажет болғанынша ғана жеп, дастархан басынан біраз тоймай тұру қажет. Ал тойса да, қомағайланып тамақты асай беретін адам семіруден қашып құтыла алмайды.
Қанағатсыздық пен ысырапшылдықты тыятын аятта былай айтылған: «Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді» (7:31).
Мұнан келесіні аңғаруға болады, адам қажеттілік аясында ғана жеп-ішуге ерікті. Алайда, адам тойып тұрғанын біле тұра, мөлшерден артық жесе, бұл ысырап болып табылады. Дастархан басынан қатты тоймай тұрып кетуге тырысу қажет, өз кезегінде семіздікке әкелетін тамақ ысырапшылдығына бой алдырмаған жөн. Осы жөнінде Ибн Сина былай айтқан: «Асқазандарыңды қажеттіліктен артық тамаққа толтырмаңдар. Аз жеп, тамақтан соң 5-6 сағат күте тұрыңдар. Дауа — ас қорытуда, ал денсаулық - сабырда».
Алла Елшісінің (ﷺ) тамақ мөлшері жөнінде айтқан сөзі денсаулықтың мықты кепілі болып табылады: «Асқазандарыңды үшке бөліңдер, бір бөлігі — тамаққа, екінші бөлігі — суға, ал үшінші бөлігі – ауаға қалсын».
Ендеше, дастарханға отырғанда тәбетпен отырып, ал тамақтанып болғанда біраз тоймай, асқазанда су мен ауаға орын қалдырып тұру керек.
Бірде Самура ибн Жундаба (р.а.) тоя тамақ ішіп алған ұлының жүрегі айнып кеткендігін көріп, ұлына: «Егер сенің жүрегің айнып кеткен соң, өліп қалар болсаң, саған жаназа намаз оқу керектігіне мен күмәнданар едім, өйткені артық тамақ жеуден өлу — тақуалықтың белгісі болып табылмайды», - деп айтқандығы келтірілген.
Омардың (р.а.) былай айтқаны келтірілген: «Жаның қалағанның бәрін жей беру қажеттілік болып табылмайды. Керісінше, бұл ысырап болып табылады, ал Алла Тағала ысырап етушілерді сүймейді».
asyldin.kz