Аудандық «Меркі ата» мешітіннің бас имамы Нұрбек Жанықұловтың ұйымдастыруымен және мешіт жанашырларының қолдауымен көп ұлтты Меркі ауданының тұрғындары арасында футболдан жарыс өтті.
Жарыс басында аудан имамы жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл спорттық сайыс ұлтаралық ынтымақты нығайту үшін, ауызбіршілікке, ынтымаққа бағытталған іс-шара екенін ескертіп, дөрекілікке жол берілмеу керектігін қатаң ескертті.
Жарыстан озат шыққандарға жұлделер беріліп, қаржылай марапатталды.
«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі