Дін мамандарына семинар өткізілді

Дін мамандарына семинар өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысы бойынша АТТ мүшелеріне арналған "Теріс ағыммен жұмыс жасау жолдары" тақырыбында семинар өтті. 

Шараға аталған мешіттің наиб имамдары Ғалымбек Жапек, Бақтияр Амиреев, мешіт ұстазы Гүлжан Алдасаева, АТТ мүшелері қатысты. Онлайн форматында жасалған жиында теріс ағымдардың алдын алу тәсілдері, жолдары, бұл бағытты ұстанысушылармен сөйлесу амалы тілге тиек болды. 

Семинарда   Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Маңғыстау облыстық «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қайырымдылық қорының төрағасы, теолог  Азамат Тулепов дәріс оқыды. Ал шара соңында сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар тыңдалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: