#Қордай: Мектеп оқушылары дін мамандарымен кездесті

#Қордай: Мектеп оқушылары дін мамандарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте діни кездесу өтті. Діни теріс ағымдардың алдын алу, жат ағымдардың сипаттары тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген шараға Әлжан ана ауылдық мешітінің имамы Саламат Аманбаев, Құран қарилар дайындау орталығының директоры, АТТ мүшесі Ғалымжан Шерниязов, ауыл учаскелік полициясы Сейілбек Садырбаев, ИДН инспекторы Ерлан Абдимов және теолог мамандар қатысты.

Жастардың діни иммунитетін қалыптастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларына айтылған насихат көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап болды. Мамандар діни сауаттылықтың түрлі ағымдарға қосылып кетпеудегі қалқан рөлін атқаруын, мағұлматтарды тексерілген, дұрыс басылымдардан алуды ескертті. 

Шара арнайы келген әрбір маман өз ісіне қатысты сөз сөйлеп, ата дініміз бен өзге ағымдардың айырмашылығын бүге-шегесіне дейін жеткізді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: