Меркі аудандық мешітінің жаңадан тағайындалған бас имамы Нұрбек Жанықұлов орталық «Меркі ата» мешітінде жамағатпен кездесіп, жұма намазын бірге оқыды. Кездесу барысында имам жұқпалы індеттің әлі сейілмегендігін, карантин режимі талаптарын сақтап, сақтық шараларына мұқият болу қажеттігін еске салды.
"Алланың үйіне келуші жамағат медициналық маска киіп, құлшылық жасау кезінде 1,5 метр арақашықтық сақтауы тиіс. Бұл өз кезегінде індеттің алдын алуға септігін тигізеді, Алла Тағала елімізді аман, жұртымызды тыныш етсін" – деп, аудандық мешіттің бас имамы сөзін аяқтады.
Есбол Алпысбаев
«Меркі ата» мешіті баспасөз қызметі